Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, улица Академика Чокина 27
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда: 16.00-18.00 Четверг: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Әдептілік - Тәрбие айнасы" атты тәрбие сағаты
17-02-2010 18:00

«Әдептілік – Тәрбие айнасы»

«Жалын» балалар ұйымы мен 6 сыныптар дайындаған, «Әдептілік – Тәрбие айнасы» атты тәрбиелік кеші біздің мектебіміздің мәжіліс залында, ақпанның 18-ші жұлдызында салтанатты түрде өтті.

Әдептілік – адам бойындағы жағымды қасиет. Халқымыздың дәстүрлі дүниетанымында әдептілікке ерекше мән беріледі. Әбу-Насыр Әл Фараби «Қайырымды қала адамдарының көзқарастары» атты еңбегінде «әдептілік жеке тұлғаның рухани байлығы» деп есептейді.

Әдептілік – сәлемдесуден басталады. Қазақ халқында қалыптасқан дәстүр бойынша сәлемдесу және амандасу рәсімдері бар. Халқымыз: «Адамдықтың белгісі, иіліп сәлем бергені» деп, құрбылармен, кездескен адаммен, үлкен-кішімен амандасуды балаға кішкентайынан үйреткен. 6б сыныбы «Амандасу, сәлемдесу» көрінісін дайындаса, 6 «А» сыныбы «Көлікте», 6 «В» сыныбының орындауында «Үстел басында» атты көріністер бастауыш сынып оқушыларының көңілдерінен шықты. Осы көріністердіңғ тәрбиелік мәні, әсіресе қазіргі уақытта өте зор деп айтуға болады.

Өткен тәрбие сағатына 5-ші сыныптар, ән-күй мұғалімі Қарлығаш Сұртаевна, тәрбие жұмысының меңгерушісі Гүлжахан Ермековна ат салысып, іс-шараның ерекше өтуіне көмектесті.

«Ел боламын десең, белгісіңді түзе» - деген халқымыздың аталы сөзі бар. Ендеше еліміз тәуелсіздікке қолы жеткен қазіргі кезде білім беру жүйесіндегі негізгі міндет – ұлтымыздың таным құндылықтарын бойына сіңіріп, салт-дәстүр, әдеп-ғұрып мәйегіне ұрпақ санасына егу арқылы тәлім тәрбие беру.

Мектеп аға тәлімгері Ахметова Айсұлу Болатқызы