Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Адрес: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қазақстан Республикасы Парламент сенаты Павлодар қаласының Бауыржан Момышұлы атындағы №22 мектепке келді
21-04-2017 07:51
Қазақстан Республикасы Парламент сенаты  Павлодар қаласының  Бауыржан Момышұлы атындағы №22 мектепке келді

     17.04.2017 жылы Павлодар қаласының Бауыржан Момышұлы атындағы №22 мектепке Қазақстан Республикасы Парламентінің сенаты Қылышбаев Нұрлан Наурызович, Мукашев Тулеубек Тулеуович «Білім беру» Заңының жүзеге асыру мақсатында мектебімізге келді. Оларды білім ордасының директоры Мамбетова Майра Қабиденқызы қарсы алды. Қонақтар мектеппен танысуды мектебіміздің «Ерлік Даңқы» мұражайын аралаудан бастады. Муражайда 7 «Г» сынып оқушыларын жас бауыржаншылар қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өткізілді. Сенаторлар жаңадан ашылған «Гамбит» шахмат кабинетінде өтіп жатқан бастауыш сынып оқушыларынан құрылған топтар арасындағы жарысты тамашалады.
«Дені сау ұрпақ- еліміздің болашағы» дегендей оқушыларымыздың дене шынықтыру сабағы өтетін орнына келіп, «Самрук Қазына» акционерлік қоғамынан бөлінген спорт жабдықтарымен толық қамтылғанын және 7 «Б» сыныбының денешынықтыру пәнінің сабақ үзіндісін көрді.
     Заманауи талапқа сай жабдықталған математика, информатика, робототехника кабинеттерінде болып, үш тілділік саясатты қолдау мақсатында 5 «Г» сыныбында математика сабағын ағылшын тілінде және
6 «Б » сыныбында информатика сабағын орыс тілінде жүргізуінің куәгерлері болды.
     Мектебіміздің «Білім алу қазынасы» болып табылатын кітапханада «Мен Қазақстан Республикасының азаматымын» тақырыбында өтіп жатқан азаматтық сағатта сенаторлар 10-сынып оқушыларымен сұхбаттасты.
    Қонақтардың мектеппен танысуы еңбек және сурет пәнінің мұғалімі Жанабай Жусупович Жампеисовтың этномәдени тәрбиелік бағытында ағаштан жасалған туындылар көрмесін тамашалаумен аяқталды.
 

Акбанова Айжан Хабибулловна

Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары