Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Салтанатты караул өтті
10-05-2017 11:20
Салтанатты караул өтті

        Жеңіс күніне қарсы жасөспірімдерге патриоттық тәрбие беру мақсатында 2017 жылдың 2 мамырында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне , тыл жұмыскерлеріне, соғыс балалаларына, интернационалист-жауынгерлеріне арналған салтанатты қарауылдың ашылуы өтті.
  Іс-шараның ұйымдастырушылары Бауыржан Момышұлы атындағы
 №22 мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
 Айжан Хабиболлақызы Акбанова , 7 «В» сынып оқушылары және сынып жетекшісі Ақсұлу Ағыбайқызы Назарова ат салысты. Мектеп президенті
10 «А» сынып оқушысы Әбілман Нариман мен 7 «В » сынып оқушысы Қияқова Арайлым белсенділік танытып, «Ирбис» телеарнасына және «Звезда Прииртышья » газетінің тілшілеріне іс-шараның мақсат-міндеттерін, сонымен қатар мектебіміздің белсенділер тобының Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен жұмысын, тығыз қарым-қатынасын айтып сұхбат берді.
№7, 39,13,9,11 мектептерінің оқушылары мен мұғалімдері де айтулы
іс-шараға қатысты.
Салтанатты қарауылды Павлодар қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының лейтенанты Тимур Мұратұлы Қожахметов құттықтау сөзімен ашты. Өз сөзінде ол жас ұрпаққа Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құрметтегені үшін алғысын білдірді.
Ауған соғысының ардагері Оразбай Жасауұлы Мустафин келе жатқан Жеңіс мерекесімен оқушыларды, мұғалімдерді , қонақтарды құттықтады.
Қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Назымбек Жапишевич Тасыбаевтың басшылығымен құрметті қонақтар, мұғалімдер және оқушылар салтанатты түрде Жеңіс Обелискісіне гүл шоқтарын қойды.
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің рухына бір минут үнсіздік жарияланды.
Іс-шара барысында Бауыржан Момышұлы атындағы №22 мектептің
7 «Е» сынып оқушысы Ахмадиева Дильназдың және музыка пәні мұғалімі Аубакиров Бахтияр Ерғалыұлының орындауларында патриоттық әндер орындалды.