Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Сыңғырла, соңғы қоңырау!
25-05-2017 07:43
Сыңғырла, соңғы қоңырау!

     25 мамыр күні Б. Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектеп қабырғасында әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі - соңғы қоңырау салтанаты болып өтті. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранымен ашылып, ортаға мектеп туы әкелінді. Бұл күн мектеп бітірушілер үшін маңызды және естен кетпейтің күн. Мектеп ұясынан түлеп ұшқалы отырған түлектер жүзінен толқыныс пен қимастық байқалады. Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, өнері мен білімін өз бойларына өре білген еліміздің ертеңгі тізгінін қолға алар биыл бітіретін мектеп түлектері, бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр деген ой санамызды кернеді.
    Құттықтау сөз мектеп директоры М.К. Мамбетоваға берілді. Мектеп директоры оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, түлектерге ақ жол тіледі. Түлектер мектеп вальсін билеп, аспанға қөгершіндерді жіберді. Міне осы алтын ұя мектебімен қоштасқалы отырған түлектер үшін соңғы қонырау соғылды. Біз түлектерге оқу орнына түсулеріңізге және ақ жол тілейміз!