"Сөйлесетін кітап: балалар оқиды!" жобасы
Облыстық кітапхананың балалар әдебиет бөлімі "Халық радиосымен" бірлесіп жыл бойы " Сөйлесетін кітап: балалар оқиды!" жобасымен жұмыс жасады. 24 мамыр күні Б.Момышұлы атындағы №22 ЖОББМ оқушылары осы жобаға белсенді қатысты. Облыстық Халық радиосына барып, өздерінің ең сүйікті классикалық шығармаларынан үзінділер оқыды. 7 г сынып оқушысы Етекбай Расул Ф.Оңғарсынованың "Ақ мамам" атты өленін оқыса, Толеулинов Тимур М. Жанахметованың "Кеше ғана сәби едік гүл еккен.." атты шығармасын оқыды. Ал 7 "Е" сынып оқушысы, Хамит Шернияз , Ы.Алтынсаринның "Өзен" тақпағын айтты. Мукашева Дильнара, 5 "Д" сынып оқушысы, "Кіп кішкентай маса" деген халық ертегісін оқып берді.
"Арай" баспасөз -орталығы