Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тілдер күні мерекесінде өткен іс-шаралар
22-09-2017 10:35
Тілдер күні мерекесінде өткен іс-шаралар

Бауыржан Момышұлы атындағы №22 ЖОББМ-де "Тілдер апталығы" аясында 11 қыркүйектен бастап 22 қыркүйек аралығында мектебімізде тілдер мерекесіне арналған "Тіл – ұлттық жаны" атты онкүндік өтті. Мектепішілік іс – шаралар жоспары құрылды. Өткізілетін мерекелік іс-шараларға гуманитарлық пәндер бірлестігі мұғалімдері жауапты болды.
Мектеп кітапханасында "Бір-ел- бір кітап" акция күні 5-11 сыныптарға «Ақындардың сұлтаны- Сұлтанмахмұт» атты», слайд- шоу тамашаланды, суреттер сайысы ұйымдастырылды. Мектеп кітапханашылары оқушылары тіл мерекесіне байланысты ұйымдастырылған кітап көрмемен таныстырды.
17 қыркүйек күні 6 сыныптар арасында "Ұлттық салт-дәстүр" сайысың қазақ тілі мұғалімі Ж.А. Мыңғышева өткізді. Оқушылар бекеттен өту үшін сұрақтарға жауап беріп, ұлттық ойын күш сынасу көрсетілді. Ұлттық салт дәстүрлер аталып, таныстырылып өтті. "Қара жорға" би өнерін тамашалады. 6 "Е" сынып оқушылары Карабаева Сабина, Ескендир Дастан белсенділік танытты.
18 қыркүйекте 7-ші сыныптар арасында орыс тілі мұғалімдері А.К. Шаханова , Қ.Ф. Касимова бірігіп "Полиглот" сайысын өткізді. Сайыс өте тартымды өтті, оқушылардың тіл шеберліктерін сыңға салынды. Жүзден жүйрік сайыскерлер арасынан 7 "В" сынып оқушылары - І орынды иеленсе, 7 "Б" және 7 "А" сынып оқушылары ІІ және ІІІ орындарды қанжығаларына байлады.
19 қыркүйек күні орыс тілі мен әдебиет мұғалімі Б.С. Мукашева 5 сыныптар арасында «Если дружат люди-дружат языки» атты КВН сайысың өткізді. Бұл сайыста оқушылар әр-түрлі тапсырмалар орындаған кезде үштілдік қабілеттерін көрсете білді. Сайыс өте тартымды да, қызықты өтті. Әр топ мүшелері белсенділіктанытып, сайыс көңілді өтті.Осы күні ағылшын тілі мұғалімі Н.Ж. Асылханова 8 "А" және 8 "Б" сынып аралығында Who is the best? атты мәнерлеп оқу сайысың өткізді. Оқушылар менің отаным тақырыбына арналған өлендерді жатқа айтты.
20 қыркүйекте қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Қ.Ғ.Абылгазинова әрбір үзілісте «Қызықты аялдама» атты іс-шара өткізді. Қазақ тілінен, жалпы тіл тарихы туралы түрлі сұрақтар қойылды. Оқушылар үлкен қызығушылық танытып, белсене қатысты.
22 қыкүйек күні
қазақ тілі мұғалімдері Ж.К. Турсынкулова, Р.С.Куниязова, орыс тілі мұғалімі Р.К. Бейсенова және ағылшын тілі мұғалімі М.К. Аяганова ұйымдастыруымен«Тіл- достықтың құралы» атты тілдер фестивалі өтті. Бұл іс- шарада қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілдерінде өлендер оқылып, ән мен күйден шашу шашылды. Сонымен қатар оқушылар қазақ халқының салт-дәстүррінен қойылған сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтарға ие болды. Фестиваль қызықты, әрі тартымды өтті.
Өткізілген іс-шаралар оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту, өзге ұлт тілін құрметтеп, өз ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу мақсатын қамтыды. Бұл мереке халықтардың достығын, ынтымақтастығын , бірлігін күшейте түскені анық.

"Арай" баспасөз орталығы