Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Заманауи да өзекті педагогикалық кеңес
19-01-2018 16:01
Заманауи  да  өзекті  педагогикалық  кеңес

      Бауыржан Момышұлы атындағы № 22 жалпы орта білім беру мектебінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру, болашаққа- бағдар» Жолдауы аясында «Рухани жаңғыру 3D бағдарламасын оқу – тәрбие үрдісіне енгізудің механизмдері, проблемалары, шешу жолдары» тақырыбына теориясы мен тәжірибесі ұштасқан педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңес тақырыбының мақсаты: қазақ тілінде білім беретін мектеп оқушыларына этномәдениеттік тәрбие беруде ақпараттық-педагогикалық орта (ИПМ) құрастыру. Педагогикалық кеңестің тақырыбының ерекшелігі: өзектілігінде, замануилығында, тәжірибелік маңыздылығы мен ғылымилығында. Педагогикалық кеңестің тақырыбы мен мақсатын анықтаған соң, «Рухани жаңғыру» Бағдарламасы жайында мұғалімдер арасында сауалнама алынды, оның жауаптары зерделеніп, қорытындысы шығарылды. Әдістемелік бірлестіктерден құрылған шығармашылық топ педкеңес тақырыбы бойынша пәндеріне қалай енгізіп, қандай бағытымен жұмыс жасап жатқандығы жайлы топта талқылап, таныстырылым арқылы жұмыстарын қорғады. Тәжірибелі ұстаздардан құрылған сараптама тобы қорғалған жұмыстарды талқылап, қорытынды шығарып талдады. Кеңес соңында кері байланыс жасалды, тақырып бойынша шешімі шығарылды, нақты шаралар, орындау мерзімі мен жауаптылар да тағайындалды.


Директордың оқу – әдістемелік ісі
жөніндегі орынбасарлары

Г.А.Бекмурзинова
Г.О. Майбасова