2018 жылғы 28 қаңтар күні Б.Момышұлы атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп кітапханада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы бойынша дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шараға мектеп ұстаздары қатысты. Саяси іс-шараны Б.Момышұлы атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ташиева Жазира кіріспе сөзімен бастап, Елбасы кітабындағы басты тақырыптарға тоқталды. Сондай-ақ, ондағы реформалар мен Елбасының үкіметке қойып отырған талаптарын, Қазақстан халқына жүктелген тапсырмаларын ұжымға түсінікті етіп жеткізіп берді. Әсіресе, соңғы Жолдаудағы Елбасының алдымызға қойған 10 міндеті, соның ішінде оқу-ағарту саласын қамтитын Адами капитал - жаңғыру негізі. Білім берудің жаңа сапасы туралы сөз қозғалды. Дөңгелек үстелге қатысқан ұстаздар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар берді.