Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"МИФ" апталығы өткізілді
18-03-2018 01:07

Мектептің оқу - тәрбие үрдісінде пәндік бірлестіктердің атқаратын жұмыстарының маңызы зор екендігі белгілі. Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі түрлерінің бірі - пән апталықтарын өткізу. Осы орайда, Бауыржан Момышұлы атындағы №22 ЖОББМ-де нақты ғылымдар - математика, информатика және физика пәндерінің апталығы 12-16 наурыз аралығында өткізілді. Мазмұнды да әрі тартымды өткен апталықтың мақсаты - математика, информатика және физика сабақтарында, сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білімге деген, нақты ғылымдарға деген қызығушылықтарын арттырып, ізденістері мен танымдарын қалыптастыру, жан-жақты жетілдіру, өз беттерінше шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру қабілеттерін дамыту болды. Апталық барысында пән мұғалімдері ұйымдастырған іс- шаралар заман талабына сай өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, кештер, сыныптан тыс іс- шаралар өткізілді. "МИФ" апталығы аясында өткізілген іс-шаралардың барлығы оқытудың жаңа формасы негізінде жүргізілді. Бұл оқушылардың шығармашылық қабілеттерін сабақта және сыныптан тыс дамытуға, яғни, оқушылардың еркіндігін қалыптастыруға, өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік береді. Соңғы күні апталықтың қорытындысы өткізілді. Әр түрлі сайыстардың жеңімпаздары арнайы грамоталармен марапатталды. 

 

Мәліметті әзірлеген - "МИФ" әдістемелік бірлестігі.