Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Акция «Бір ел – бір кітап» -2018 Бауыржан Момышұлының кітабі «Ұшқан ұя»
04-04-2018 15:12
Акция «Бір ел – бір кітап» -2018 Бауыржан Момышұлының кітабі «Ұшқан ұя»

«Бір ел – бір кітап» Республикалық акциясы аясында биылғы 2018 жылы үш автордың шығармалары таңдалып, ел болып оқуға ұсынылып отыр. Олар: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Үш анық», Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя», Немат Келімбетов «Үміт үзгім келмейді». Бұл шығармалар қазақ әдебиетінің төрінен орын алып, әр оқырманның рухани жан дүниесін байытып қана қоймай, орамды ой салып, сананы нұрландырады.
Бұл акция шеңберінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Бауыржан Момышұлы атыңдағы №22 жалпы орта білім беру мектебінде мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабының таныстырылу кеші өтті. Аталмыш кешке 7 «Б» сынып оқушылары және қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің мұғалімі Абылгазинова Қ.Ғ қатысты.
Бауыржан Момышұлы (1910-1982) – елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жақсылықтың үлгісіндей аты аңызға айналған баһадүр батыр. Бауыржан атамыздың шығармалары келер ұрпаққа үлгі-өнеге берері хақ.
Алдағы уақытта бұндай іс-шаралар өз жалғасын табады деген сенімдеміз! Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды. Бабалар есімі мәңгі есімізде!

Кітапхана меңгерушісі: Асылбекова Р.С
Б.Момышұлы атындағы №22ЖОББМ