Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Табиғат – тіршілік аясы»
25-04-2018 15:00
«Табиғат – тіршілік аясы»

     Павлодар қаласы Бауыржан Момышұлы атыңдағы №22 жалпы орта білім беру мектебінде, кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Табиғат – тіршілік аясы» атты тәрбие сағаты өтті.
   Тәрбие сағатымызға 2 «З» сынып оқушылары мен мұғалімі Латыпова Н қатысты. Кітапханада мектеп оқушыларына «Табиғатпен тату өмір сүрейік » атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Балалар үшін өте қызықты жануарлар әлемі мен өсімдіктер тіршілігінің тарихы туралы әңгімеленді, ғаламшардың жаһандық экологиялық мәселелері, табиғат пен қоршаған ортаға қамқор болуға, оны аялап күтуге, әр адамның міндеті табиғатты қорғау бүкілхалықтық іс екені аталып өтілінді. Шара аясында балалар назарына табиғаттағы өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіне байланысты кітапханада бар әдебиеттерге шолу ұсынылды. Шолуға: «Қазақстанның өсімдіктер әлемі», «Төрт түлік», «Су астындағы тіршілік», «Тірі табиғат», «Жәндіктер», «Құстар», «Елдер мен құрлықтар», «Динозаврлар», «Географиялық саяхат» кітаптарынан қызықты оқиғалар қысқаша айтылып таныстырылды. Шара соңында кроссвордтар, жұмбақтар қойылып, балалардың экологиялық білім алулары, табиғатты сақтау мен бағалау қажеттілігі және оны табиғатты болашақ үшін сақтау маңызды боп табылады. Оқушылардың экологиялық танымын кеңейту және белсендіру, оқушылардың табиғат әлемі туралы танымдық белсенділігін және шығармашылық қабілеттерін дамытуға әсер ету, табиғатқа, қоршаған ортаға қамқор болу, аялай білу сезімін қалыптастыру, балаларды табиғатты сүю жауапкершілігіне үйрету мен өзіндік жұмыс жасауға машықтандыру.

Асылбекова Р.С.
Б.Момышұлы атындағы №22 ЖОББМ
Мектеп кітапханашысы