Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
08-05-2018 14:27
Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.

Отан үшін от кешкен отты жылдар естелігі мәңгі өшпек емес. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Осындай қастерлі де қасиетті Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесі биыл да салтанатты жағдайда аталып өтті. Бауыржан Момышұлы атындағы №22 ЖОББМ-де Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Сұрапыл соғыста қаза болған боздақтардың рухын бір минут үнсіздікпен еске алды. Мерекелік концертті мектеп директоры М.К. Мамбетова құттықтау сөзімен ашты. Жеңіс күніне арналған мерекеде мектеп ұстаздары және оқушылары белсенділік танытты. Патриоттық әндер шырқалып, көрермендердің ықыластарына бөленді.