Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Сынып сағаттар өтті
04-09-2018 12:35
Сынып сағаттар өтті

« Кел, балалар, оқылық!» -деп ұлт ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің балаларды оқуға шақырғанындай, білім күні мерекесінде «Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебі» өз оқушыларына есігін айқара ашты. Былдырлаған балғын тілімен мектепке алғаш қадам жасап отырған бүлдіршіндер өлең жолдарын оқып, тарыдай болып кіргенімен, таудай болып шығамыз десіп, ата-аналарын бір қуантты. Биылғы жылы 216 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттап отыр, Оқушылардың мерекелік қуанышы мен шаттығын бөлісуге мектебіміздің түлегі, бүгінде Кеңес Одағының Батыры М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының әдіскері және Ж.Аймауытов атындағы облыстық драма театрының сценарисі болып еңбек ететін Ж. М. Ешимкулов келіп, құттықтады.
ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, мектеп директоры Мамбетова Майра Кабиденқызы алғашқы қоңырау мерекесімен құттықтай отыра, 2017-2018 оқу жылының мектеп жетістіктерімен таныстырып өтті. Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауын 11 - сынып оқушылары мен 1 -сынып бүлдіршіндері соқты. Құшаққа гүл, қуанышқа мектеп толған күздің алғашқы күні әр оқушыға ерекше әсер қалдырып, атаулы күн мәңгі есте сақталатыны сөзсіз.