Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ұшқан ұя» кітабының таныстырылу кеші өтті
12-09-2018 17:39
«Ұшқан ұя» кітабының таныстырылу кеші өтті

«Бір ел – бір кітап» Республикалық акциясы аясында биылғы 2018 жылы үш автордың шығармалары таңдалып, ел болып оқуға ұсынылып отыр. Олар: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Үш анық», Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя», Немат Келімбетов «Үміт үзгім келмейді». Бұл шығармалар қазақ әдебиетінің төрінен орын алып, әр оқырманның рухани жан дүниесін байытып қана қоймай, орамды ой салып, сананы нұрландырады.
Бұл акция шеңберінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Бауыржан Момышұлы атыңдағы №22 жалпы орта білім беру мектебінде мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабының таныстырылу кеші өтті. Аталмыш кешке 6 «А» сынып оқушылары қатысты.