"Полиглот" атты лингвистикалық ойын өтті
14 қыркүйек күні Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебінде 5 - ші сыныптар аралығында "Полиглот" атты лингвистикалық ойын өтті. Ойынды жүргізген орыс тілі мен әдебиет мұғалімі Шаханова Айгүл Калышевна. Ойын барысында оқушылар әр-түрлі тапсырмалар орындап, өздерінің білімдерін көрсете білді.