Педагогикалық еңбек ардагерлеріне арналған мереке
28 қыркүйек күні Бауыржан Момышұлы атындағы№22 жалпы орта білім беру мектебінде Қарттар күніне орай "Қарттарын қадірлеген ел ардақты" атты мектебіміздің педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесу мерекесі ұйымдастырылды. Салтанатты мерекені құттықтау сөзімен мектеп директоры Мамбетова Майра Кабиденовна ашты. Құрметті ардагерлерімізге оқушылар мен мектеп мұғалімдері өздерінің өнерлерін көрсетіп, жүрек жарды құттықтау сөздерін айтып, апа – әжелерінің шапағатына бөленді.