Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Әскери-патриоттық әндер желісі бойынша сахналанған байқау өтті
21-11-2018 23:57
Әскери-патриоттық әндер желісі бойынша сахналанған  байқау өтті

20 қарашада Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебінде туған елдің тарихын жете білу, қазақ халқының батырларын мадақтау, құрметтеу мақсатында Ұлы Отан соғысы және Ауғаныстан жерінде болған соғыс жылдары тақырыбын қозғаған әскери- патриоттық әндер желісі бойынша қалалық деңгейде мектеп оқушылар арасында сахналанған байқау өтті. Бұл іс-шара ардагер-педагог Аликов Рахымберді Жақиянұлының 100 жылдығына, Курск доғасында болған шайқастың 75 жылдыгына, Ленинград қоршауының азат болуының 75 жылдығына, Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толуына, Тәжік-Ауған шекарасындағы қақтығысқа қатысушылар құрметіне мемориалдың ашылуына арналды. Сонымен қатар, құрметті қонақтар ретінде интернационалист-жауынгерлер, Тәжік-Ауған шекарасындағы қақтығысқа қатысушылар шақырылды. Жалпы байқауға Павлодар қаласының 9 жалпы орта білім беру мектептерінің 7 - 11 сынып оқушылары қатысып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсете білді.
Қорытындыла келе қатысушылар келесі нәтижеге жетті:
№ 25, №22 жалпы орта білім беру мектептердің қатысушылары I-орынды жеңіп алды, № 4 ,№ 18, № 29 мектептің оқушылары II-орынға иеленді,ал № 1, № 26, № 42 мектептің қатысушылары III-орындармен марапатталды.
Бауыржан Момышұлы атындағы №22 мектептің сурет және технология пәнінің мұғалімі, Жампеисов Жанабай Жусупбекович ,ерекше үлгіде жасалған кубоктың авторы. мектеп «Жеңіс Қаруы» ауыспалы Кубогімен № 14, 25 марапатталды. Мектеп директоры Мамбетова Майра Қабиденқызы Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» төсбелгісімен марапатталды.