«Жас Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер қатарына қабылдау рәсімі өтті
30 қараша күні «Б.Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебінде», ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, 6- сынып оқушыларын «Жас Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер қатарына қабылдауға арналған салтанатты жиын өтті.
Мерекелік жиында оқушылар ұстаздары мен ата-аналары және ұйым алдында еліміздің патриоты болуға, Отанын, туған жерін сүюге , салауатты өмір салтын сақтауға және «Жас Ұлан» ұйымының ережелерін бұлжытпай орындауға салтанатты түрде ант берді.