Бауыржан оқулары байқауы өтті.
![Бауыржан оқулары байқауы өтті.](/media/img/blogs/5c20f9cb382d3.jpg)
Бүгін Б. Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебінде даңқты қолбасшы, Халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры Б.Момышұлының туған күніне орай, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б. Сибанбаеваның ұйымдастыруымен тұңғыш рет 1-11 сыныптар үшін Бауыржан оқулары байқауы өтті.
Байқауға қатысушылар батыр жазушының повестері, өлең-толғаулары, афоризмдері және ол жайында танымал тұлғалар жазған естеліктер бойынша мәнерлеп жатқа оқудан сайысқа түсті.
Жүлдегерлер арнайы дипломдармен марапатталды.