Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ағылшын тілі пәнінің апталығы
29-01-2019 10:53
Ағылшын тілі пәнінің апталығы

Б.Момышұлы атындағы № 22   мектебінде қантардың  14 -25 аралығында ағылшын тілі  апталығы өтті. Он күн ішінде оқушылар әр -түрлі шараларға белсеңе қатысты: викториналар, зияткерлік ойындар,әндер сайысы және қолдан жасалған бұйымдар сайысы болды.Бастауыш сынып оқушылары ( 3 сынып) «Who is the best»  сайысына қатысты.Ең кішкентай 2-ші сынып оқушылары ағылшын тілінде «Little Star»  атты сайысында ән айтты. 5-ші сыныптар арасында Ұлыбритания  мемлекетінің көрікті орындары туралы қабырға газеттері және қолдан жасалған бұйымдар сайысы өткізілді.Жоғары сыныптар  арасында « I am a snger»  атты  ән айту бағдарламасы өткізілді.Бұл сайыста белсенділік  танытқан 9 «Б» сынып оқушысы Ахмет Айжан және 9В сынып оқушылары 3 орынға ие болды.6 сынып оқушылары  арасында сұрақ жауап «Quiz for kids»  атты сайысы өткізілді. 1 орын ие болған 6 «И» сынып оқушысы Тюстюбаева Томирис, 2 орынға 6 «Б» сыныбы орын алды.

Сонымен қатар 5 «Б» сыныбында «Types of films»  атты тақырыбы бойынша  ашық сабақ өткізілді. 7 «В» сынып оқушылары « Holidays and fests in the UK and the USA» атты  интеллектуалдық ойынға қатысып,белсенділік танытты.

25 қантар күні ағылшын тілі апталығың жабылу күні өткізілді.Барлық сыныптар белсенді қатысып мектепшілік концертпен аяқталды.