«Әдебиет білімпаздары» викториналық ойыны
2019 жылдың 4 ақпан күні №22 мектеп кітапханасында 6 сынып оқушыларымен «Әдебиет білімпаздары» атты викториналық ойын өткізілді. Іс- шараның мақсаты оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттыру. Түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың танымдылық қабілеттерін дамыту, кеңейту. Туған елінің тарихын терең білуге баулу. Ақыл – ойын, жылдам ойлауын, ептілігін, шығармашылығын дамыту. Викториналық ойында оқушылар өз шығармашылық және зияткерлік қасиеттерің көрсете білді.Балалар қызықты түрде қойылған сұрақтарға жауап беріп, слайдтағы көрсетілген тапсырмаларды орындады.
Кітапхана меңгерушісі : Асылбекова Р.С