Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Туркестанға саяхат
02-04-2019 16:19
Туркестанға саяхат

     Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің  9 «Г» сынып оқушылары сынып жетекшісі Мукашева Б.С. бірге көктемгі каникулда «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болып табылатын «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақала аясында  «Аңызға толы- Түркістанға саяхат» атты үш күндік  тарихи- танымдық экскурсияға барып оралды.

Бірінші күні оқушылар  Арыстан баб кенесі ХІІ ғасырдағы салынған ғимаратына барып, Қожа Ахмед Йассауи және Мұхаммед Пайғамбардың өмірімен танысты. Өз қолдарымен қасиетті құдықтан ем суын алып, дәмін татып, Отырар, ежелгі Сауран  қалашықтарына тарихи-таңымдық экскурсияға  барды.  Сол күні балалар Укаша ата туралы мәліметтер алып, ІV  ғасырда салынған Укаша ата құдығың көрді. Кешкі уақытта Мың жылдық «Тұт» ағашы басына барып қайтты.

     Келесі күні балалар Ақ мешіт үңгіріне танымдық саяхатың жалғастырды. Үңгір ішінде балаларға ақсақал атамыз Ақ мешіт туралы көптеген қызық мәліметтер айтып, келген саяхатшыларға батасын берді. Үңгірден шыққан соң, 9 «Г» сынып оқушылары Домалақ ана кенесіне сапар жасады. Бұл жерде ана туралы аңыз тындап, мешіттегі  молда атадан ақ батасын алып, ұлттық фольклорлық  Ғайып- Ерен Қырық шілтен әулие (екі тас) орынға рухани-таңымдылық саяхатқа барып қайтты.

    Соңғы күні балалар Қожа Ахмед  Йассауи кесенесіне  барып VI  ғасырдың  ауқымдылық, архитектуралық  ғимараттарын құрылыстарын көрді. Сол күні Ежелгі Яссы қалашығын  аралап, Х-ХІІ ғасырдағы Хан ордасы туралы мәліметтер алды. Сонымен қатар, Түркістан тарихи мұражайына, жерасты хылует мешіт-медресесіне Х-ХІІ ғ.ғ., Шығыс моншасына ХV –ХVІІ ғ.ғ., Түркістан қалалық жаңа орталық мешітіне саяхат жасады.