Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Адрес: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Жеңімпаздар шеруі
28-04-2019 12:27
Жеңімпаздар шеруі

       Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушыларына сәуір айы жемісті де, жеңісті де болды. Балаларымыз ай сайын республикалық, облыстық, қалалық спорт, шығармашалық, білім саласында өз жетістіктерімен қуантады. Сондай-ақ 27-ші сәуірде өткен Облыстық іріктеу робототехника сайысында «Классика Сумо» категория бойынша 8 «Г» сынып оқушысы Егеубай Смайыл, 6 «А» сынып оқушысы Еркинов Аманали І-ші жүлделі орындарға ие болса, ал 6  «А» сынып оқушысы Камзин Ерсін, 5 «А» сынып оқушысы Танат Алихан қатысқан үшін сертификаттар алып қайтты. Оқушыларды дайындап, жеңімпаз атағына жеткізген информатика пәнінің мұғалімі Айгужинов Даулет Ермекович.      

       Сонымен қатар, осы күні облыс оқушылары мен студенттерінің шығармашылық әлеуетін, академиялық кескіндеме техникасындағы кәсіби шеберлік деңгейін анықтау және оқушыларды шығармашылық мамандықтарды таңдауға кәсіби бағдарлау, қоршаған ортаға, табиғатқа, адамдарға деген сүйіспеншілікті ұластыру мақсатымен өткен Павлодар қаласы №1 Балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубында көркемсурет мектептері, өнер студиялары оқушылары арасындағы Облыстық акварельді кескіндеме байқауында  5 «Е» сынып оқушысы  Бейсаналиева Айзат қазақ халқының атақты музыкантының портретін  салу номинациясы бойынша «Шәмші Қалдаяковтың портреті» атты  шығармашылық жұмысың ұсынып,  ІІ-ші жүлдегері орын жеңіп алды. Жеңімпазды дайындаған сызу, бейнелеу өнерінің ұстазы Жампеисов Жанабай Жусупбекович.

       27 сәуірде  соғыс ардагері Таскарин С. және Ұлы Жеңістің 74 жылына арналған ХVI «Асау жүрек» атты қалалық қолданбалы жарыс өтті. Біздің мектептен алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Нурмуханов Б.М. «Жас бауыржаншылар» клубынан шәкірттерін белсенді қатыстырды. Осы сайыстан 9 «Г» сынып оқушысы Шамбаев Батырхан  І-ші орынбен оралды.

   КММ-Спорттық балалар-жастар орталығында «Қазақстан халқының бірлігі күніне»  және Жастар жылына арналған, аула клубтары арасында , Қазақ күресінен жасөспірімдер арасында ашық қалалық  жарысы болды. Дене шыңықтыру пәнінің мұғалімі Шегебаев Кайырбек Кенанович жарысқа балаларын белсенді дайындады. Қуанышымызға қарай  мектепке оқушыларымыз жеңімпаз марапаттау қағаздарымен оралды. Олар 9 «Г» сынып оқушысы Мухамедқали Махамбет, Зейнуллинов Айдын - І-орын, 3 «Г» сынып оқушысы Ирсаев Алихан ІІ-орын, 3 «А» сынып оқушысы Бимурза Нуржигит , 5 «Г» сынып оқушысы Ахмет Арслан, 7 "В" сынып оқушысы Имангалиев Болатхан -ІІІ-орын.

Барлық жеңімпаздарға, дайындаған ұстаздарына шексіз алғысымызды білдіреміз!