Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Отбасы тәрбиесі - жас ұрпақтың азаматтығын қалыптастырудың негізі» тақырыбында жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті.
17-05-2019 21:19
«Отбасы тәрбиесі - жас ұрпақтың азаматтығын қалыптастырудың негізі» тақырыбында   жалпыұлттық  ата-аналар жиналысы өтті.

2019 жылдың  15-ші  мамыр күні сағат 18.00-де Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінде   ата-аналар мен мұғалімдердің отбасылық тәрбие мәселелерін талқылау, балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру және рөлін арттырудағы өзара әрекеттесу мақсатымен Халықаралық отбасы күніне орай  «Отбасы тәрбиесі - жас ұрпақтың азаматтығын қалыптастырудың негізі» тақырыбында   жалпыұлттық  ата-аналар жиналысы өтті. Мектеп  директоры Мамбетова Майра Кабиденовна жиналысты  Халықаралық Отбасы күнімен  құттықтау сөзбен ашты. Сонымен қатар  жиналған қауымды  жиналыстың  күн тәртібімен таныстырды.

Білім беру жөніндегі директордың орынбасарлары 9-11 сынып оқушыларының қорытынды аттестациясы туралы мәлімет  берді, 2018-2019 оқу жылында атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Тәрбие жөніндегі директор орынбасары жазғы сауықтыру лагер туралы мәліметтермен таңыстырды.

Жиналыс барысында мектеп жұлдыздарының шеруі ұйымдастырылды. Халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық  олимпиадалар, оқулар, ғылыми-жобалар, шығармашылық, спорт және әскери-патриоттық жеңімпаздары ата-аналарың өз жетістіктерімен қуантты.

Өзін-өзі тану пәнінің  мұғалімі Мукушева Майя Акатаевна ата-аналарға тренинг ұйымдастырды. Осы іс-шараға ата-аналар қызығушылықпен қатысып, ұсынған тапсырмаларың жауапкершілікпен орындады.

 Жиналыс  соңында ата-аналар мен мұғалімдер пікір алмасты, мектеп  әкімшілігі ата-аналарды қызықтыратын  сұрақтарына жауап берді.