"Саналы ұрпақ- жарқын болашақ" тақырыбында азаматтық және патриоттық сабағы өтті.
2019 жылдың 2 қыркүйек күні Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінде 1-11 -ші сыныптар аралығында Білім күніне арналған жалпыреспубликалық "Саналы ұрпақ- жарқын болашақ" тақырыбында азаматтық және патриоттық сабағы өтті. Тәрбие мақсаты: өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру, жаңа оқу жылында жақсы оқуға мотивация беру. Тәрбие сағатынан оқушылар еліміздің ертеңі - білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін түсінді.