Оқушылар саяхатқа шықты
2019 жылдың 21 –қыркүйекте Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 8-11- сыныптар оқушылары, сынып жетекшілері және ата- аналары саяхатқа шықты. Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтын насихаттау ,спортқа деген қызығушылығын арттыру мектеп,ата –ана мен оқушы қарым-қатынасын нығайту. Шара барысында әр сыныпқа дене шынықтыру пәні мұғалімдері әр – түрлі спорттық сайыстар өткізді. Ата- аналар ыстық тамақтар әзірлеп, шоқ самауырынмен шәй қайнатты. Оқушылар демалыс күнгі уақыттарын өте тамаша көңіл – күймен өткізді.