Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінде 11 қазанда Халықаралық қыздар күніне арналған «Анаға қарап қыз өсер» «Family day» отбасылық сайысқа 4 сынып қыздары мен аналары қатысты. Сайыстың басты мақсаты: қыз бала тәрбиесіндегі ана ролін көтеру, мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайту.Сайыс 4 кезеңнен өтті.
1. Таныстыру
2. «Дұрыс тамақтану» тақырыбында газет шығару
3. Менің отбасымның дәстүрлі тағамы. (видеоролик, презентация)
4. Жасалған тағамды қорғау
Сайыстың қорытындысы бойынша :
4 «Ж» сынып Шохановтар отбасы – І орын
4 «И» сынып Мұхтархановтар отбасы – ІІ орын
4 «Б» сынып Нурумовтар отбасы – ІІІ орын
Ал, 4 «А» Шайман, 4 «З» Құсайыновтар, 4 «Г» Сапарбек, 4 «В» Айгужиновтар отбасылары «Отбасылық дәстүрлі тағам », «Үздік рецепт», «Өнерлі отбасы» номинациялар бойынша марапатталды. Осы сайысқа қатысып белсенділік танытқан үшін 4 сынып ата-аналары мен сынып жетекшілеріне алғыс білдіреміз.