31- қазанда Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Ынтымақты елдің отбасы» «Family day» отбасылық сайысы өтті. Осы сайыста 5-6- сынып қыздары мен аналары қатысты. Сайыстың басты мақсаты: ұлтаралық достықты насихаттау, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру, отбасылық ынтымақтастықты дамыту. Сайыс 3 кезеңнен өтті. Алдымен қатысушылар таныстыру бөлімінде өздері туралы мәлімет берді. "Менің отбасымның дәстүрлі тағамы" кезеңі видеоролик, презентация түрінде тамашаланды. Қатысушылар жасалған тағамдарын қорғады.
Осы сайыстың қорытындысы бойынша:
6 «Ж» сынып Тілектес отбасы (өзбек) – І орын
6 «Д» сынып Айкеновтар отбасы (орыс ) – ІІ орын
5 «Д» сынып Садыковтар отбасы (қазақ) – ІІІ орын
Ал, 5 «Е» Даир (ұйғыр), 5 «Ж» Каршигеновтар (украин)
6 «Е» Болатовтар (татар) отбасылары «Креативті видео », «Үздік рецепт», «Өнерлі аспаз» номинациялар бойынша марапатталды. Осы сайысқа қатысып белсенділік танытқан үшін 5-6 сынып ата-аналары мен сынып жетекшілеріне және оқушыларына алғыс білдіреміз.