Тегін кешенді ыстық тамақ берілді.
![Тегін кешенді ыстық тамақ берілді.](/media/img/blogs/5e16b96af3152.jpg)
Бүгін, 3-тоқсанның алғашқы сабақ күнінде Б. Момышұлы атындағы ЖОББМ-де 1-4- сыныпта оқитын 1034 оқушыға тегін кешенді ыстық тамақ берілді. Кешенді ыстық тамақ құрамында 1,2- тамақтар, нан, шай және бал қарастырылған.1-ауысымда 557 оқушы тегін тамақтанса, 2-ауысымда 477 оқушы тегін тамақтанатын болады. Оқушыларға тегін кешенді тамақтың берілуіне ата-аналар қауымдастығы дән риза.