Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Адрес: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Критериалды бағалау жүйесі арқылы білім сапасын жақсарту» тақырыбында педагогикалық кеңес
31-01-2020 17:07
«Критериалды  бағалау  жүйесі  арқылы  білім  сапасын  жақсарту» тақырыбында  педагогикалық  кеңес

     2019 жылдың  25 – қаңтарында «Критериалды  бағалау  жүйесі  арқылы  білім  сапасын  жақсарту» тақырыбында  педагогикалық  кеңес  өткізілді. Мақсаты: мұғалімдердің  тапсырмаларды құрастыруға және сараптама жасауға қатысты кәсіби құзыреттілігін дамыту. Пед.кеңес үш кезең бойынша  іске  асырылды. Бірінші кезеңде, оқу ісінің меңгерушілері  Г.О.Майбасова,  А.З.Ныгманова  ұжымға критериалды бағалау жүйесінің мазмұны, қалыптастырушы бағалау үдерісі, сабақтағы және  бөлім бойынша  жиынтық  бағалау  кезіндегі  тапсырмалар  түрлері туралы  теориялық  мағлұмат берді.  Екінші  кезеңде,  пед.ұжым  бірнеше  шығармашылық  топтарға  бөлініп, практикалық  жұмыс жасады. Шығармашылық  топтарға  мектеп  тренерлері   басшылық  етті:  К.К.Сыздыкбаева,  А.Ш.Жамалиденова,  З.К.Абдурасилова, Ж.А.Мынгышева,  А.К.Жармагамбетов. Үшінші  кезеңде,  әр  шығармашылық топтан  спикерлер  жасаған  жұмыстарын  қорғады,  басқа  топтарға  кері  байланыстарын  жасады. Практикалық  жұмысты  бағалауға  сарапшылар тобы  құрылды. Олар:  Кембридж бағдарламасы  аясында  І деңгейлі  курсынан  өткен - К.Абылгазинова,  "Педагогикалық  қоғамдастықтағы  мұғалім  көшбасшылығы" курсынан өткен - К.Ф.Касимова, «Бағалауға арналған тапсырмаларды  әзірлеу және  сараптау» курсынан өткен – Д.Т.Тлеумбетова, "Критериалды   бағалау  жүйесін  енгізу  бойынша  мектеп үйлестірушісі" – А.Ж.Уалинова.   Сарапшы тобы шығармашылық  топтардың  дайындаған сабақтағы тапсырмалардағы қалыптастырушы бағалау мен  бөлім бойынша  жиынтық  бағалауға   арналған  тапсырмаларды  қорғау  жұмыстарына   критерийлер арқылы  бағалап,  кері  байланыс  орнатты.