Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні
Онкологиялық ауруларды ерте анықтау және алдын алу мәселелер бойынша медициналық қызметкерлер мен тұрғындардың хабардарлығын арттыру,мақсатымен жыл сайын 4 ақпан күні Халықаралық қатерлі ісікке қарсы одағының бастамасы бойынша Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні жүргізіледі. Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-10- сынып оқушыларына 6-ақпан күні мектеп дәрігері Серикпаев Ж.Ж. «Қатерлі ісік ауруларын алдын алу» тақырыбында дәріс оқып, кеңес берді.