10 ақпан күні мектебімізде "Білім беру ұйымында тәрбие жұмысының кеңістігін моделдеу" деген тақырыпында облыстық семинар өтті.
Семинарға облыс мектептеріің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Осы семинарға 5 сынып жетекшілері Қ.Ғ. Абылгазинова, Р.С. Құниязова тәрбие жұмыстары бойынша сынып сағаты мен пікір- талас өткізді. Әр ұстаз да өз шеберліктерін көрсетті.
Р.С. Құниязова балалардың әртүрлі жас ерекшеліктеріне қарамай, 5,10,11 сынып оқушыларымен пікір-таласта тіл байлықтарының кең екендігін танытты.
Тақырыбы "Адамды биіктететін бойы емес, ойы". Пікір-таласта қазіргі кездің актуалды мәселесін қозғады. Ол тастап кетіп жатқан балалар. Соларды тастамай -ақ басқа жолмен шешуге болатын жолдарды оқушылар жоғары деңгейде талдап, өз ойларын мақалдармен, нақыл сөздермен айтып дәлелдеп, берді. Мейрімді Қазақстан анасы С.А. Назарбаеваның туған күніне де арнаған өлеңдеріп оқып, әдемі суреттерімен бәріміздің көңілімізден шықты.
Осындай ұстаздың берген тәрбие сағаты әр шәкіртінің жүрегінде мәңгілік қалады деген ойдамыз.