Мектептің жұмыс жоспары негізінде мектеп директорының бекіткен кестесіне сәйкес 25.01.21-29.01.21 аралығында математика және жаратылыстану пәндерінің апталығы өткізілді. Бұл іс-шара оқушылардың кең шеңберінде пәндерге қызығушылық тудырып қана қоймай, оларды белсенді шығармашылық іс-әрекетке итермелейді, коммуникативтік дағдыларды дамытуға ықпал етеді.
ЖМА апталығын ұйымдастыру келесі принциптерге негізделді: оқу материалын кеңейту және оқушыларға практикалық дағдыларды беру, балаларды пәндердің даму тарихымен таныстыру.
Оның мақсаты:
• Жаратылыстану-математикалық пәндерін оқытуға арналған педагогикалық идеялардың әдістемелік жиынтығын құру.
• Әдістемелік бірлестік мұғалімдері арасында өзара тәжірибе алмасуды жүзеге асыру.
• Сабақтағы және пәндер бойынша сыныптан тыс жұмыстарда мұғалімдер мен оқушылардың белсенділігін арттыру.
Іс-шаралар, сайыстар, сыныптан тыс шаралар жоспары бойынша ашық сабақ, қашықтық форматтағы семинарлар ұйымдастырылды, оған мектебіміздің пән мұғалімдері мен 1-11 сынып оқушылары қатысты. Өткізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша өнер көрсеткен командалардың қорытындысы шығарылып, оларды ЖМ аптасында белсенді қатысқандары үшін мақтау қағаздары мен және алғыс хаттармен марапаттады.