Біздің мектептің 5 «А» сынып оқушылары: Колесников Николай, Матюшин Сергей и Ермеков Аслан «Сәнді тренд» атты байқауында жүлделі үшінші орынға ие болды. Бұл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған, ІІІ қалалық «Үшқоңыр» атты АРТ-фестивалінің екінші кезеңінің жүргізілуі болды. Бұл байқаудың өту мақсаты – мектеп оқушылары арасындағы қол жетімді, ашық әрі әртүрлі шығармашылық ортаның қалыптасуымен қатар, ұлтаралық келісімнің сақталуымен рухани-өнегелі тұлға тәрбиелеу болып табылады. Балалар сынып жетекшісі Ғ.В Айгазинованың жетекшілігімен арзанқол материалдардан (қоқыс қаптары, қатты қағаз, ескі газеттер, пластикалық бөтелке) 21 ғасырдың сән және стиль ағымындағы жарқын костюмдер жасап шығарған. Оқушылар өз костюмдер коллекциясын подиумда дефиле түрінде көрсетті. «Кубик-Рубик» атты қасықшылар тобы, М.В Семенованың музыкалық жетекшісінің басқаруымен үлкен музыкалық колдау көрсеткен болатын. Музыкалық тобы да коллекциядағы ескі газеттерден жасалған кеудешелер киіп шықты.
«Үшқоңыр» атты АРТ-фестивалінің қатысушылары