Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
24-11-2020 22:39
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС

2020 жылғы 23 қарашада «Павлодар қаласының №24 жалпы орта білім беру мектебі» ММ-де «Психологиялық-педагогикалық құзыреттілікті қалыптастыру – жаңартылған білім мазмұны жағдайында білім және тәрбие сапасын арттырудың басты шарты ретінде» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңестің мақсаты – педагогикалық міндеттерді шешуде құзыреттілік тәсілдерді қалыптастыру.
Негізгі міндеттер:
- мұғалімнің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін зерттеудің теориялық және әдістемелік алғышарттарын құрайтын ережелер жиынтығын негіздеу;

- мұғалімнің құзыреттілігінің мәні мен мазмұнын психологиялық-педагогикалық құбылыс ретінде ашу;

- мұғалімнің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастырудың жетекші тенденцияларын, принциптері мен психологиялық-педагогикалық жағдайларын анықтау және негіздеу.Аталған педкеңес мектептің даму бағдарламасын іске асыру аясында өткізілді.

Педагогикалық кеңестің күн тәртібінде талқыланған сұрақтар:
1. Ұжымдағы жайлы психологиялық климат. Мектеп жұмысының тиімділігі.
Мектеп директорыН.Ш. Рахимгожина.
2. Заманауи педагогтың кәсіби құзыреттілігі оның еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігінің алғышарты ретінде

ДОТЖОА.Г. Балтабаева.
3. Электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы оқушылардың өзіндік танымдық әрекет етуге қызығушылығын арттыру

ДОТЖОО.Я. Слывоцкая.
4. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімді әдіс- тәсілдері.
Қазақ тілі мұғаліміМ.Д. Хайруллина.
5. Білім беру жүйесінде педагогтың кәсіби құзыреттілігін дамытудың психологиялық факторлары
Мектеп психологыЖ.Т. Калиева.
Мектеп психологы Д.М.Жанзакова.
Педагогикалықкеңестің шешімдерінің бірі - әр мұғалім өзінің бүкіл қызметі барысында өзінің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін дамытуды қамтамасыз ету қажеттілігі.