Мектеп аға вожатыйларының семинары
«Біз жол қауіпсіздігін қолдаймыз » республикалық кең ауқымды автожүріс аясында в №24 ЖОМ мектеп аға вожатыйларының семинары болып өтті. Ұйымдастырушысы Павлодар облысының ІІБ, « «Жас Отан» Жастар қанаты ҚБ, БЖБ «Жас Ұлан». Семинардың тәжірибелік бөліміне біздің мектебіміздің 3в және 4г сынып оқушылары қатысып, жолда жүру ережесін жақсы білетіндіктерін көрсетті. Балаларға «Жолдос көмекке асығады» фильмі көрсетілді. Балаларға Павлодар қ. ІІБ аға мемлекеттік инспекторы Б.Сағитовтың сөзі өте ұнады.