Бүгін мектебімізде қалалық ауған әндері сайысының іріктеуі өтті. Аталмыш шараның мақсаты - Ауған соғысынан қайтып келмеген ерлерді еске алу, өсіп келе жатқан ұрпақтың бойында патриоттық сезімдерін ояту, әскери өлеңдерді сүюге тәрбиелеу, Қазақстандық сарбаздардың батырлығын, адамгершілігін дәріптеу.
Іріктеу сайысына қаланың 12 мектебі қатысты. Қазылар алқасының құрамында қалалық білім беру бөлімінің әдіскері - Назимбек Жапищевич Тасыбаев, №5 ЖОМ АӘД мұғалімі - Сергей Викторович Емельянов, ауғандық жауынгер - Тулеген Жамитович Кошубаев,№5 ЖОМ директордың тәрбие жұмысы жөніндегіорынбасары – Галина Александровна Кузнецова болды.
Біздің мектебімізден «Невеста» өлеңімен Ангелина Кожевникова қатысты, ол өзінің вокалдық қабілеттерімен шырқаған әнімен көрермендердің жүректеріне әсер бере алды.
Қазылар алқасының төрағасы сөзінде : «Ауған өлеңдерінің көпшілікке танымал болғанына және сайыс жоғары деңгейде өткізіліп жатқанына өте қуаныштымын! Биылғы репертуар жаңа және креативті, мұғалімдер кәсіби жағынан өлеңдерді таңдаған» , - деп сайыстың деңгейін жоғары бағалайды.
Финалға өткен мектептер: №37,24,4,42,25,КЖОМ.
Барлық сайыскерлерге сәттілік және табыс тілейміз!