БҰҰ Бас Ассамблеясымен бекітілген Халықаралық қыздар күніне арналған республикалық онкүндігі аясында біздің мектебімізде келесідей іс-шаралар өткізілді:
Бірінші күні үгіт бригадасы онкүндіктің ашылуын өткізді. Мектептің тәлімгерлері бастауыш сыныптың қыздары арасында «Халықаралық қыздар күні» тақырыбына суреттер байқауын ұйымдастырды. Тарих мұғалімдері «Ұлы әйелдер» және «Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы» тақырыбында лекция оқыды. Мектептің медбикесі қызадрға жыныстық гигиенасы туралы кеңестер берді. «Қыздардың құқығы бар» тақырыбында эссе байқауы өтті. СӨС орталығының маманы Турарова А.А «Арыңды сақта бойжеткен» тақырыбында дөңгеелк үстел өткізді. Мектеп психологы «Қыздардың арасында» тренингін, сондай-ақ балалардың денсаулығы мен құқықтарын қорғау туралы жеке кеңестер, сауалнамалар өткізді. Қыздар арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылып, үзілістерлде әлеуметтік роликтер көрсетілді. Онкүндік салтанатты жабылуымен және белсенділік танытқан қатысушыларды марапаттаумен аяқталды.