26 қазанда №37 ЖОМ ММ базасында «Зерде» ғылыми жобалар байқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты оқушылардың танымдық қызығушылықтарын және ерте жастан зерттеушілік қабілеттерін дамыту. Зерттеу жұмыстарды қорғау 8 секиця бойынша іске асырылды: қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі; математика, информатика; физика, техника; медицина, психология; тарих, өлкетану, ұлттық мәдениеттану; химия, биология; экология, валеология.
Аталған байқауда 4-7 сынып оқушылары қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. 1 орын – Ананьев Илья, 7 сынып, медицина секциясы, психология (ғылыми жетекші Алибекова Ж.М.), 3 орын - Сейтхан Құралай, 2 сынып, химия секциясы (ғылыми жетекші Садвокасова Г.К.), 3 орын – Қасым Кәрім, 6 сынып, химия, биология секциялары (ғылыми жетекшісі Ахметжанова З.Ж.). 3 орын – Якунина Дарья, Чабанова Карина, 4 сынып, химия, биология секциялары (ғылыми жетекші Алинова М.Т.). 3 орын - Гаврилов Сергей, 7 сынып, химия, биология секциялары (ғылыми жетекші Алибекова Ж.М.). Жеңімпаздарды құттықтаймыз!