1910 жылғы көктемде ІІ Социалистердің халықаралық конференциясы Клара Цеткиннің ұсынысы бойынша 8 наурыз күнін Тең құқықтарға күресуде еңбек ететін әйелдердің халықаралық ынтымақтастығы күні етіп белгіледі.Осы күн тұңғыш рет 1911 жылы Германияда, Австрияда, Швейцарияда, Данияда, 1913 жылы Ресейде өткізілді.Бүгін Халықаралық әйелдер күні тең құқықтарға күресуде әйелдердің интернационалдық ынтымақтастығы күні ретінде өткізіледі.
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні.Осы күні барлық аналарды, әжелерді құттықтайды.Осы күнді көптеген мектептерде Қыздар күні деп атап,сюрприздер, «Түрлі аналар қажет, түрлі аналар маңызды», «Көңілді әжелер» конкурстары ұйымдастырылады,«Қыз сыны», «Мисс весна - 2013» қыздарға арналған конкурстар дәстүрлі өткізіледі.
7 наурыз күні біздің № 26 мектепте конкурс өтті,осы конкурста 8-9 сыныптар қыздары «Мисс весна - 2013» атағына жарысты. Тапсырмалар қызықты және кейбіреулері қиын болды,бірақ біздің қыздарға бұл түк емес болды.Барлығы барынша тырысты, ал біздің қазылар алқамыз келесі номинациялар бойынша орындарды бөлді: «Мисс обаяние» 8А сынып оқушысы Айдана Бекен, «Мисс очарование» 9А сынып оқушысы Айнагүл Найзабекова, «Мисс зрительских симпатии» 8В сынып оқушысы Евгения Рыскулова және «Мисс весна - 2013» 9В сынып оқушысы Адель Садымова болды.
8 наурыз – бірінші көктемгі мереке!Осындай конкурстар мереке кезінде болатын романтикалық, лирикалық көңіл-күй рухын туғызады.