Ана ... Аяулы ана ...
Ана ... Аяулы ана ... «Ана» деген сөзді айтқанда жанға жылу кіреді. Ана – ең қажетті адам. Ол нәзік болғанымен, ол өте батыл. Бұл адамның орнын ешкім баса алмайды. Ол – ерекше! Ол – ең жақсы адам!
Осындай сөздермен 1 «В» сынып оқушылары Н.Н.Борецкая сынып жетекшісімен өз мерекелерін ашты. Олар өз әжелерін, аналарын, қыздарды көктемгі мерекесімен құттықтады. Балалар ән айтып, өлең оқып, өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын сыйлады.