Спортсмен қыздар
Біздің мектептің бір топ оқушы қыздары 13-18 наурыз күндері Екібастұз қаласында Ф.Т. Жаминовты еске алуға арналған баскетболдан 2002 жылғы қыздар арасындағы республикалық турнирға қатысты.
4 «А»-сыныбының қыздары Омарханова Рузалья, Мурсалиева Айя, Антикеева Айтжан, Кунанбаева Раджана, Рамазанова Айғаным ең бірінші рет спорт алаңында бақтарын сынап, ойын барысын көрді. Олар өздерінің өмірлік тәжірибесіне тағы бір тәжірибе қосты. Осы турнирдан жеңіссіз қайтса да, өздерінен жастары үлкен қарсыластарына сапалы қарсылық таныта білді. Болашақтары зор деп сеніммен қарап туған мектебі оларға үлкен үміт артады.
Сынып жетекшісі: Нуртазина Ш.А.