Жақсылық жасау - әрқашан оңай
Өзін - өзі тану пәнінің әлеуметтік жобасы аясында біздің мектеп оқушылары "Жақсылық жасау - әрқашан оңай" балалар үйінің балаларына арналған қайырымдылық көмек жинауға қатысты, онда өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Сачанова Шолпан Тюлюгеновна, Омарханова Жазира Пшембайқызы, аға тәлімгер Медетова Алмагүл Серғазықызы балалардың идеясын іске асыра отырып, үлкен жұмыс атқарды. Балалар өздерінің құрдастарына, Қашыр балалар үйінің балаларына жүректерін берген кезде қанша қуаныш пен толқу сезінді! Барлық оқушыларға, ата-аналарға және сынып жетекшілеріне үлкен рахмет.