Бүгін біздің мектепте «Н. Назарбаев– Ұлт Көшбасшысы» атты ашық сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатына әр түрлі қалалық, облыстық жарыстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары шақырылды. Қоғамдық ғылымдар мұғалімі А.С.Шахметова Нұрсұлтан Әбішұлының балалық шағы, отбасы және мансабы туралы әңгімеледі. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Г. Т.Абылхаирова Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы баяндама жасады. Өзін -өзі тану пәнінің мұғалімі Ш. Т. Сачанова Қазақстан астанасы– Нұр-Сұлтан қаласының құрылысы мен өркендеуі туралы ақпаратпен бөлісті. Ашық сынып сағатының құрметті қонағы қалалық мәслихат депутаты, «Павлодар облысы Чернобыль одағының»төрағасы Виктор Георгиевич Деймунд оқушылармен Ұлт Көшбасышысы жолдауының маңызы туралы әңгімелесті.
"Н. Назарбаев– Ұлт Көшбасшысы» атты ашық сынып сағаты