“Мектептік буккроссинг”

Бүгін, Павлодар қаласының №27 орта мектебінің кітапханасында жыл сайын өтетін “Мектептік буккроссинг” жобасы өтті. Бұл жоба оқушылар арасында қолдау тауып, кеңінен таралды. Акция “Кітапты еркіндікке жіберу – оған жаңа өмір сыйлау” ұранымен өтеді. Мектептегі буккроссингтің мақсаты – оқуды насихаттау және мүмкіндігінше көп баланы кітап оқуға тарту.