
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы аясында 2025 жылғы 5 наурызда 10 «Б» сынып оқушыларының ата-аналарымен «Тұлғаның қалыптасуы: дербестік құқығы» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты – ата-аналармен жасөспірімдердің дербестігін қалыптастыру мәселелерін, олардың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ ересектер тарапынан қолдау әдістерін талқылау.
Кездесудің міндеттері:
- Жасөспірімдік шақтың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін қарастыру.
- Жасөспірімдердің дербестігін дамытудың маңыздылығын анықтау.
- Ата-аналарды заңға сәйкес жасөспірімдердің негізгі құқықтарымен таныстыру.
-Баланың жауапкершілігі мен дербестігін дамытуға көмектесетін практикалық әдістерді талқылау.
Ата-аналар жасөспірім тұлғасының қалыптасу кезеңдерімен танысып, қазіргі балалардың есею процесінде кездесетін мәселелерін талқылады.
«Дербестік шекаралары» тақырыбындағы пікірталас барысында жасөспірімдердің тәуелсіз болуға ұмтылатын өмірлік жағдайлары қарастырылды. Практикалық бөлімде ата-аналарға балалардың жауапкершілік, қаржылық сауаттылық және шешім қабылдау дағдыларын дамытуға көмектесетін кеңестер мен ұсыныстар берілді.
Барлық ата-аналарға белсенді қатысқандары және ашық әңгіме үшін алғысымызды білдіреміз! Өзара түсіністік пен сенім - жасөспірімдермен үйлесімді қарым-қатынастың негізі!