1е сынып (сынып жетекшісі Исмаилова Б.Е.) и 2е сынып (сынып жетекшісі Сапакова А.Н.) 5-ші мамыр күні біздің мектепте болған Жеңіс күніне арналған «Барлығы өмір үшін!» мерекелік іс-шара өткізді. Мерекелік іс-шараға бастауыш мектептің оқушылары, ата-аналар, ұстаздар қатысты.
Осыдан 66 жыл бұрын, фашизмді жеңген Ұлы Жеңіс салюттері атқылады. Ол адамзат тарихында болмаған ең сұрапыл да қорқынышты соғыстың аяқталғанын паш етті. Бір ғана Кеңестер Одағының өзінен 20 миллионнан астам адам қырылып, қалаларымыз бен елді-мекендеріміз жойылып, жермен жексен етілген қасірет 1418 күнге созылды. Бірақ халық жауға тайсалмай қарсы тұрып, жеңіске жетті.
Ұлы Отан Соғысының Жеңісі біздің тарихымызда ерліктің, батырлық пен бірліктің, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың асқақ шыңына айналды. Аға буынның қайсар рухы мен жанқиярлығының арқасында еліміз дұшпанды жеңіп, әділеттілікті қалпына келтірді.