2019 жылғы 1 наурызда Павлодар облысы білім беру басқармасының "Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы" КММ ұйымдастыруымен «Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту» пилоттық жобасын іске асыру аясында физика, химия, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерге арнайы әдістемелік педагогикалық шеберхана өтті. Мастер-класс «CLIL тәсілдері мен техникалары негізінде оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамыту» тақырыбымен өтті.
Теңдерді теңдермен оқыту» үлгісінде пәндік-тілдік кіріктірілген оқытудың тиімді тәсілдерін қолдану тәжірибесімен информатика мұғалімі Анна Викторовна Скляренко бөлісті.
Мастер-класс өткізу барысында Анна Викторовна жұмыстың белсенді формаларын көрсетіп, мұғалімдер ұжымымен бірлесе отырып, CLIL технологияларын қолдану арқылы сабақ жоспары жасалды.