Сенім телефоны
8 (7182)319268
email: sosh31@goo.edu.kz
Мекенжайы: Космонавтов көшесі 1
8 (7182)319268
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дұйсенбі - 15.00 -17.00 Сәрсенбі - 15.00 -17.00 Жұма - 15.00 -17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
№31 жалпы орта білім беру мектебінде "Білім бастауы - Әліппе" атты Әліппемен қоштасу салтанатты кеші атап өтілді.
22-02-2013 06:48
№31 жалпы орта білім беру мектебінде
Павлодар қаласы Ленин кентінің №31 жалпы орта білім беру мектебінде "Білім бастауы - Әліппе" атты Әліппемен қоштасу салтанатты кеші атап өтілді. Кеште мектеп мұғалімдері , ата-аналар, оқушылар және көптеген қонақтар болды. Қоңыр күзде қоңырау үнімен алғашқы білім сабағына енген бірінші сынып оқушылары бүгін бір асудан асып, ең алғаш қолдарына ұстап, әріп таныған оқулықтары Әліппемен қоштасты. Аз уақыт өтсе де, бірінші сынып оқушыларының білімге, өнерге деген талпыныстары айқын көрініп тұр. Салтанатты кеште " Шалқан" ертегісіне көрініс қойылып, оқушылардың актерлік шеберліктері де шыңдалғанын байқадық. Сонымен қатар оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа баулу отырып " Білгішпек пен Білмесбек" әзіл-ысқақ көрінісінде кеш ортасына енгізген. Әдемі костюмдегі мың бұралған қыздарымыз бен ұлдарымыз сахна төріне шыққанда салтанатты кеш одан әрі гүлдене түсті. Сонымен қатар "Қара жорға", " Бүлдіршіндер вальсінде" оқушыларды биге деген құштарлықтарын көрдік. Сынып жетекшісі: Қ.Ж.Сұлатнқызы