Сенім телефоны
8 (7182)319268
email: sosh31@goo.edu.kz
Мекенжайы: Космонавтов көшесі 1
8 (7182)319268
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дұйсенбі - 15.00 -17.00 Сәрсенбі - 15.00 -17.00 Жұма - 15.00 -17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жайдарлы жаз
30-06-2014 07:30
Жайдарлы жаз

Павлодар қаласы №31 жалпы орта білім беру  мектебінде мектепішілік «Орман ертегісі»  сауықтыру лагері өз жұмысын атқаруда. Лагерьдің алғашқы ауысымына алдымен, жетім балалар, ата-ананың қарауынсыз қалғандар мүгедектер, аз қамтылған отбасынан шыққан балалар, сонымен қатар даярлық топтың балалары мен 1-5 сынып оқушылары қабылданды.

Балалық шақ - әрбір адамның ең шуақты, бақытты кезеңі. Балалар – біздің болашағымыз. Сондықтан ата-аналар мен педагогтар оларды дені сау, өміршең, сауатты азамат етіп тәрбиелеуге бар күш жұмсайды.       Биыл мектеп ұжымы мерекені Ленин кенті орталығында ұйымдастырды. Мерекені «Бақытты балалық шақ» атымен өткіздік.Бағдарлама өте мазмұнды болды. Алаң шарлармен, арнайы маңдайшалармен, оқушылар дайындаған суреттер және қолөнер жұмыстары көрмесімен рәсімделген. «Бойшаң қуыршақтар» ерекше қимылдарымен жиналғандардың көңілін көтеріп жүр. «Жаз киімдері» конкурсының қатысушылары мерекенің сәнін келтірді. Жиналғандардың назарына ұсынылған музыкалық бағдарлама тартымдылығымен көпшіліктің қошеметіне ие болды. Өнерлі бүлдіршіндер асфальтқа сурет салумен айналысып, мектеп спортшылары көңілді старттар ұйымдастырды. Ерекше талабымен көзге түскен балалар сый-сияпат, марапаттарға ие болды. Балалар мен ата- аналар мерекеден көтеріңкі көңілмен риза болып тарқады.

Рәміздер күніне арналған  «Менің елім-Қазқстан», «Менің рәміздерім». Бастауыш сынып мұғалімдері  «Алтын қақпа», «Досы көпті жау алмайды», «Шебердің қолы алтын», «Ертегілер әлемінде» тақырыптарында мағынасы терең тәрбие сағаттарын өткізді. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері аптасына бір рет спорттық ойындардың белсенді жеңімпаздарын анықтап, марапаттап отырды. «Шынықсаң шымыр боласың», Жүзден жүйрік» сайыстарына балалар қуана қатысты. Мектеп кітапханашысы  Ысқақова Р.К. мұрындық болған «Кітап –асыл қазына» кітаптар әлеміне жасаған саяхатында балаларды жазғы демалыс уақыттарында кітап оқуға шақырып, жаңадан шыққан кітаптармен танысты және Ш.Айманов атамыздың 100-жылдығына арналған «Кино тарландары» атты викторина өткізілді.  Мектеп психологі Серікбаева Д. Балалармен бірнеше қызықты тренинг өткізді. Жасөспірімдер табиғаты керемет демалуға  өте қолайлы топсеруенге саяхаттап, «Нептун» бассейніне шомылды. Осындай көптеген іс-шаралар өтілді.

 

Лагерь басшысы

Олжаева М.О.

№31ЖОМ